Жақында біздің туған қаламыз Риддер табиғи апаттан - өрттен зардап шегіп, артынан құрбандары да болды. Өрт біздің қаламыздың бір тұрғынының өмірін қиды және 1 ауданның көптеген тұрғындары баспанасыз қалды. Бұл бақытсыздықтың себебі неде?! Жылдың жазғы кезеңі (сәуір - қыркүйек) тұтану үшін барынша қауіпті болып саналады, құрғақ шөп, жапырақтар- өте тез тұтанады және қатты жел кезінде санаулы секунд ішінде ауқымды өртке әкелуі мүмкін. Өрт ормандағы барлық тіршілік иелерінің жаппай қырылуына әкеп соғады. Орман өрттеріне қарсы тұру және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін, пайда болу себептерімен күресу үшін алдын алушараларын жүргізу қажет.
28 мамырда «Батыс Алтай мемлекеттік қорығы» РММ әкімшілік ғимаратында Нұр Отан партиясының Шығыс Қазақстан филиалы жанындағы өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Кездесудің мақсаты- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылықтарының мәселелерін айту, оларды шешудің мүмкін жолдарын табу.
Отырысқа биология ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым орнитолог, жазушы Борис Васильевич Щербаков, қоғамдық партия және "Нұр Отан" партиясы Риддер қалалық филиалының өкілдері қатысты.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орман өрттерімен күрес тақырыбында қорық директорының м.а. Л.Н. Винокурова, сондай-ақ директордың ғылым жөніндегі орынбасары Г. Н. Наговицын және Шығыс Қазақстан облысы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Риддер орман шаруашылығы" КММ Орталық орманшылығының басшысы Б. К. Садықов баяндама жасады.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/742-biologiyaly-rt-rlilikti-sa-tau-zh-ne-orman-rtimen-k-res.html#sigFreeId1286512e11