Кәдімгі құралай (Carpodacus erythrinus) – құнақтектестер тұқымдасынан шыққан құс. Аталығының бас, бел, кеуде жағы қызыл күрең- қызыл түсті болып келеді. Кеуденің төменгі жағындағы бүйірлерде қызыл түс біртіндеп жоғалады, белі ақшыл. Қанаттары, арқасы және құйрығы қоңыр, қызыл түс не аз не көп болып қатысады. Жұптасу кезіндегі қауырсынының реңі жазға дейін сақталады, қыстайтын жерлерінде түлейді. Аналығы үстіңгі жағы сарғыш- қоңыр, кішкентай қара сызықшалары бар, астыңғы жағы ақшыл, тамағы және кеуде жағы шұбар болып келеді. Ол аналық үй торғайынан дененің төменгі жағында сызықтардың болуымен, қалың тұмсығымен және оймалы құйрығымен ерекшеленеді.
Ол ашық жерлердегі бұталарды, орман жиектерін, өзен алқаптарын мекендейді. Ол шөпті өсімдіктердің тұқымдарымен, жидектермен, сирек жәндіктермен қоректенеді. Ұясын 2-2,5 м биіктікте бұталарға салады, ол тостағанша тәрізді, өте тығыз. Жұмыртқаларын тек аналығы ғана басады. Аталығы оларды қоректендіреді, аналығы жұмыртқаларынан балапандары шыққасын бір апта бірге болады. Әдетте, кәдімгі құралайлар бір маусымда бір рет жұмыртқа басады. Кәдімгі құралай Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының барлық аумағында тіршілік етеді.
Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы
Серекова Қ.С.
Фото авторы Клименко А.А.