Ағаш отырғызу- игі іс.
2021 жылдың 20 мамырында "Парктер шеруі- 2021" жыл сайынғы халықаралық акциясы және "Мекенім жасыл орманым" іс-шараларын орындау аясында бастамашысы "Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ болып табылатын, "РАТК" КМҚК және Қазавтожол қолдауымен Колотушка тауының ауданындағы қорғаныс жолағын толықтыру бойынша отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Автомобиль жолдары бойындағы орман қорғау жолақтары мынадай міндеттерді орындайды:
- қар құрсауынан қорғау, қардың таралуы жақсарады;
- беткейлерді бекіту, жел және су эрозиясы төмендейді;
- қатты желдің әлсіреуі, желдің жылдамдығы мен турбуленттілігі төмендейді.
2015 жылы қорықтың қызметкерлері мен орман шаруашылығы бөлімінің студенттері Колотушка тауының осы аймағында қорғаныс жолағын құру бойынша жұмыстар бастаған. Шырша, қайың және бұталар сияқты ағаш түрлері отырғызылып, бірнеше жыл бойы агротехникалық күтіп- баптау жұмыстары жүргізілілген болатын.
Қазіргі уақытта Л – 18 тобының студенттері оқытушы Феклистов А.М. және қорықтың ҒМЭАжТ бөлімімен орман қорғау жолағын толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағаш отырғызу-оларды өсірудегі маңызды операциялардың бірі.Көбінесе көшеттердің келешекте жайқалып шыға келуі немесе солып қалуы, тіпті болмаса өліп қалуы бәрі осыған байланысты болады. Көктемгі кезең ағаш өсімдіктерінің өмір сүруінің ең қолайлы шарты болып табылады, біздің жағдайда сібір шыршасының көшеттері әлі де тыныштық кезеңінде, өйткені олар автомобиль жолының бөлінген жолағынан алынды, "Қазавтожолдан" берілген ұйғарымға сәйкес, онда әлі де қар жатыр.
Салқын ауа-райы табиғат қорғау акциясына қатысуға кедергі болмады, өйткені көктемгі көгалдандыру ерекше түрде қабылданады, бұл күнделікті өмірде жаңа нәрсе, ол көңіл-күйді көтереді, ынта береді, ал жылдар өткен соң көшеттер бәрімізге айтарлықтай өз пайдасын әкелері сөзсіз.
Материалды дайындаған
«ҒМЭАжТ» бөлімінің маманы - К.В.Сурнина
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/729-posadit-derevo-delo-blagoe-2.html#sigFreeId918099b779