Тайшибаев саябағын көгалдандыру.

 

Біздің қаламызды абаттандыру, көгалдандыру игі дәстүрге айналып отыр. 2021 жылы 20 мамырда Риддер қаласында Тайшибаев саябағында гүл көшеттерін жаңарту және отырғызу бойынша көгалдандыру жұмыстары өткізілді. Іс- шараның бастамашысы ретінде Н.А. Бороваяның басшылығымен қаланың іскер әйелдер кеңесі болды.

Риддер аграрлық-техникалық колледжінің оқушылары әзірлеген жоба бойынша көпжылдық гүл дақылдарының ескі екпелерін қайта жаңарту жүргізілді.Жаңартылған гүлзарларды экзот, форзиция, гортензия, астильб пен хост сияқты гүлдер безендіреді. Сондай-ақ, петунья, алиссум және басқа да бір жылдық гүлдер назардан тыс қалмады.

А. М. Феклистовтың жетекшілігімен Риддер аграрлық-техникалық колледжінің оқушылары үлкен еңбек етті. Қорық қызметкерлері де шетте қалған жоқ. Көпжылдық гүлдер мен бұталар отырғызылды, шөптеу және суару жұмыстары  жүргізілді.

Риддер қаласының әкімі Д.А. Горьковой іс-шараның барлық қатысушыларына шын жүректен алғысын білдіріп, жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің бұл үлгісі барлық қала тұрғындары үшін жақсы, көрнекі үлгі болатынына сенім білдірді.

Қала тұрғындары атқарылған жұмыстарды бағалап, құрметтеп, сүйікті Риддерді абаттандыру мен көгалдандыруда қолдан келгенше көмек көрсеткенін қалар едік. Тайшибаев саябағы-қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, ол гүлдеп, бізді өзінің әдемілігі және күтімділігімен қуанта береді деген ойдамыз.

Іскер әйелдер клубының бастамасы жалғасын тауып, жақын арада субұрқақ жөнделіп, гүлзарлардың жиектерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі  деп үміттенеміз.