Тундра аққұры (лат. Lagopusmutus) –құр тұқымдасы, тауық тәрізділер отрядынан шыққан. Аталған құс орташа мөлшерде. Аталықтарының дене ұзындығы: 370-400 см. Аналықтары: 365-390 см. Салмағы 430-610 граммды құрайды. Бұл түр аққұрға ұқсайды, сондықтан оларды шатастыру оңай. Бұл түр үшін және аққұр үшін мерзімдік диформизм тән.
Қыста қауырсындары ақ түсті, құйрығының сыртқы қанаттарынан басқа, олар қара түсті және аталықтарының тұмсығының негізі қара жолақты болып келеді. Жазда өзгеріп отырады және таулы түрлеріне байланысты түсі де соған сәйкес келеді.
Қыста құс қоныс аударады. Ол өсімдік тамақтарымен қоректенеді-тұқымдармен, бүршіктермен, жидектермен, балапандары - жәндіктермен. Құс моногамды болып келеді. Аналығы ұясын жердегі бұталарда жасайды, 12-20 сары- қызыл жұмыртқалар қара дақтары бар, аталығынсыз 24-26 күндей басып шығарады.
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында отырықшы түр болып табылады, Ивановский және Холзун (1900-2200 м) жоталарының тыр белдеулерін мекен етеді. Жоталардың суайрығы бойынша, тасты және шақпатасты топырақты көгалдарда және шалғындарда, аласа талдар, қайыңдар және самырсынды жатағандар жиі өсетін жерлерде жүреді.
Тундра аққұры экожүйелердің қоректік тізбектерінің маңызды буыны болып табылады. Құстарды ақсұңқар, ақтүлкі аулайды. Үлкен аумақта құстардың санында қатты өзгерістер жоқ, бірақ адамдар игерген орындарда тез азайып кетеді.
Сондықтан, біз адамдар тек өзімізді ғана емес, табиғаттың байлығын келешек ұрпаққа қалдыруды да ойлайық!
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/717-tundryanaya-kuropatka-2.html#sigFreeIdf8842b8294
Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы
И.Н. Завьялова
Фото авторы Н.П.Феклистов