Меңіреу  құр – қырғауыл тұқымдасының ең үлкен құсы. Қоразының әдемі қауырсындары болады.  Жыныстық жетілуі жасына жеткен кезде бойы 110 см-ге жетеді, қанаттарын жайғанда  жарты метрге жетеді. Салмағы 4-тен 6 кг-ға дейін, мекиенінің салмағы  2 кг құрайды. Қораздарының мекиендердің назарын аударатын әдемі қауырсынға ие. Мекиенінің қауырсыны тым қарапайым.

     Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында Тұрғысын, Ақ Оба алаптарында аралас ормандарда мекендейтін отырықшы түрі аз. Ол Палевая Яма мен Ақ Оба арасындағы көктеректі тоғайда кездеседі.

      Қазір көктемде құстардың «Күй ойнағы» басталады, меңіреу құрлар жылдан жылға өзгермейтін белгілі бір жерлерде ойнақ салады. Бұл жер күй ойнағы деп аталады. Құс ойнағы көбінее  бұл бір өзі жеке концертке ұқсайды, қораздары таң атар алдында  арнайы дыбыстарды шығара бастайды, ол тоқылдаққа ұқсас және  билегендей қимылдай бастайды.Қоразының тоқылдағыадам жарты шақырымнан ести алады, ал мекиендері инфрадыбыстық түрде бір шақырымнан  естиді.

   Меңіреу  құрдың басты жауы- адам. Аңшылардың қызметі бұл құстардың санының азаюына әкеліп соқты.Аңшылықтан басқа адамның басқада әрекеттерінің арқасында  бұл құстардың популяциясы азаюда: ормандарды кесу, арықтарды төсеу, саңырауқұлақтар мен жидектерді жинаушылардың салдарынан балапандардың өлімі.

Достар табиғатты қорғайық, оған құрметпен қарайық!

 

 

Материалды ҒМЭАжТ бөлімінің маманы

И.Н. Завьялова дайындады

Фото Авторы Клименко А.А.