Тал(Salix) -талдар тұқымдасынан шыққан ағаш өсімдіктерінің тұқымы.Батыс - Алтай қорығында осы өсімдіктің 26 түрі өседі.Қызылтал, әдетте, жапырақтары жайылғанға дейін ерте көктемде гүлдейтін тал тұқымдас өсімдіктердің түрлері. Өсімдіктің иілгіш бұтақтары, күңгірт немесе жылтыр қабығы бар тармақталған сабағы бар.Талдың тамыры көп дамуымен және бұтақтануымен ерекшеленеді, сондықтан борпылдақ топырақ пен құмды нығайтуға жарамды.Ол сонымен қатар жағалауларды бекіту, далалық қорғаныс және жол бойындағы орман жолақтарын құру үшін қолданылады. Талдың сәндік қасиеттері бар және көгалдандыруға жарамды. Бұтақтарының икемділігі оны тоқу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Хош иісті тозаңның арқасында балды өсімдік болып табылады және әртүрлі пайдалы компоненттердің болуына байланысты ол малға жем бола алады. Тал ылғалды жақсы көреді, сондықтан ол көбінесе тоғандар мен өзендердің бойында өседі.
Қызылтал жаңа өмірдің басталуы туралы баяндайтын Пасха символдарының бірінің мәртебесіне ие. Бұл бекерден бекер емес,басқа өсімдіктердің ісінген бүршіктерінен жапырақтары жайылғанша бұл өсімдіктің бұтақтары мамық түйіршіктермен жамылады. Қызылталды Русь елінде ежелден құрмет тұтқан, ол тіл мен көзден сақтайды деп оны емдік және рухтандыратын қасиетке ие деп санаған. Праволавие христиан дінінде қызылтал пальма бұтағын алмастырады. Ғибадатханаларда мерекелер алдында онымен қасиетті суды бүркеп шашқан.
Қызылталдың бұтағы- бұл өлімді жеңетін өмір жеңісінің белгісі.
Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Маткова Ю.А.
Фото авторы Н.В. Премина
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/698-yzyltal-k-ktem-men-pravoslavie-simvoly.html#sigFreeId5ed91d31e2