12 сәуірден бастап ҚР мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі бар маусымды белгілеу.
2021 жылы 13 сәуірде «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де мемлекеттік инспекторлар мен өрт сөндіру күзетшілерінің кезекті жиналысы өтті.Жиналғандардың барлығы ҚР мемлекеттік орман қорыаумағында 2021 жылғы 12 сәуірден бастап өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы ҚР ЭГЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен таныстырылды. Орман өрттерін сөндіру бойынша инспекторлық құрамға, өрт сөндіру күзетшілеріне, және өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілеріне нұсқаулық жүргізілді. Сондай-ақ, жауапты басшылардың телефон нөмірлерімен бірге кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғындармен, шаруа қожалықтарымен, ҚР Мемлекеттік орман қоры жерлеріне іргелес мекемелермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар орман өрттерінің алдын алу және күресу, сонымен қатар орман өрттерінің таралуын болдырмау және табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында өткізіледі.
Материалды дайындаған
«ҒМЭАжТ» бөлімінің маманы - Завьялова И.Н.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/676-12-s-uirden-bastap-r-memlekettik-orman-ory-auma-ynda-rt-auipi-bar-mausymdy-belgileu.html#sigFreeId43afc8dff1