Біздің елдегі қанаттылардың ішіндегі ең кішкентайы- сары үрпек шымшық.  Сондай жарқын және қозғалмалы бұл құсты ағаштың ұшарбасында байқау оңай емес, себебі ол өте кішкентай емес пе.

Кішкентай шымшық солтүстік жарты шардың аумағында колибри құсын алмастырады. Бұл құс торғайтәрізділер отрядынан шыққан, өзінің атауын басындағы қою сары жолағына бола ие болды, ол алтыннан жасалған тәжге ұқсас. Құстың мөлшері шынымен өте кішкентай. Денесінің ұзындығы 9- 10 см, ал салмағы 4- 8 граммды құрайды.

Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында аталған құс сирек кездеседі, ұя салатын түрі. Ол 1000-1900 метр биіктіктегі Ивановский мен Линейский жоталарының беткейлерінде қалың балқарағай, шырша, самырсын ормандарын мекен етеді. Мәзірі алуантүрлі, онда жануарлардың азығы да, өсімдіктер де бар. Өсімдіктермен суық мезгілдер түскенде қоректенеді, яғни корек табу қиындаған кезде. Жұптасу маусымы бұл құстарда сәуір айынан басталып, жаздың басына дейін барады.                         

Таралу арелы кең болғанымен, жекелеген аумақтарда бұл қанаттылардың саны азайған. Осының барлығына әрине адами фактор (бақылаусыз орманды кесу) кінәлі, соның ішінде басты қауіп- қатер фауна өкілдері үшін болып отыр. Бұл түрдің одан әрі азаюына жол бермеу үшін құсқа ұқыпты қарауды барлық жағынан қорғау және сақтау қажет.

 

 

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы  

Завьялова И.Н.

Фото  авторы  Клименко А.А.