Сұр құрдың салмағы 500 граммнан сирек асады. Орманда оны басқа құстармен шатастыру қиын, олардан ол кішкентай мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай танымал түсімен де ерекшеленеді. Қауырсынының әлеміш, «шұбар» түсіне қарамастан (ол атауын орыс сөзінен алған) аз қашықтықта шіл бір түстес, сұр- жирек болып көрінеді.  Жыныстық диформизм басқаларына қарағанда әлсіз.

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында- Ақ және Қара Оба, Тұрғұсұн бассейндерінің отырықшы түрі, Аралас (шырша, майқарағай, қайың) және балқарағай-жапырақты ормандар, негізінен 1200-1800 метр биіктіктегі Ивановский, Линейский және Көксе жоталарының төменгі үштен бірінде мекендейді.

Сұр құрдың  өмір салты толығымен зерттелген. Бұл ұзақ қоныс аудармайтын отырықшы құс.  Сұр құр, барлық құрлар сияқты, негізінен шөпті, бірақ жазда оның рационында жануарлар азығы маңызды орын алады; балапандар негізінен жәндіктермен қоректенеді. Қыста ол нәрлілігі аз өсімдік тағамымен қанағаттануға мәжбүр болады. Қар жамылғысы болған кезде, қыста қарға көміліп, онда түн мен күннің ең суық сағаттарын өткізеді. Ол осылай бір жағынана жыртқыштардан  қорғанады екен.

Әлемдік популяцияның азаюына және жеке популяциялар санының мезгіл-мезгіл төмендеуіне қарамастан, сұр құр әлі де көп және жойылу қаупінен тыс. Дегенмен, құстардың бұл түрін қорғауға және сақтауға, олардың мекендейтін жерлеріне мұқият және құрметпен қарау керек.

 

 

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ  бөлімінің маманы  Завьялова И.Н.

Фото авторы Клименко А.А.