Қорық аймағы жоталарының оңтүстік беткейлерінде көктемнің алғашқы өтпе желіне  сарғыш жапырақтары  дірілдей, жаңа еріп болған қардың ізімен өткен жылдағы шіріген жапырақтардың арасынан  алтай ашық тұқымдыларынан болатын торсылдақтың  гүлшоғыры көріне бастайды.   

Торсылдақ (Leontice) – бөріқарақат тұқымдасының (Berberidaceae) көпжылдық шөптесін өсімдіктерінің тұқымы.

Алтай торсылдақ (Leontice altaica) – бұл Батыс - Алтай қорығы аумағында өсетін аталған тұқымның жалғыз түрі және өңірдегі ең алғашқы көктемгі наурызгүл. Ол бұталар арасында жартасты беткейлерде, орман шалғындарында, Батыс Сібір ормандарының шеттерінде, негізінен Алтайда өседі.  Өсімдіктің  биіктігі үлкен емес, сәл бұралған жапырақтармен қоршалған гүлшоғырында 10-12 гүлге дейін болады. Сыртқы пішіні бойынша гүл қарапайым және өзіндік кереметтілігі бар. Оның жапырақшаларының беті тегіс әрі  жылтыр, ал ортасында жұмсақ барқыт аталықтары орналасқан. Өсімдіктің бұл тұқымдары күнді жақсы көреді әрі қысқа төзімді. Тамырсабағы түйнек тәрізді. Учаскелерді көгалдандыруға қолайлы бірақ жабайы табиғатта әдемірек көрінеді. 

Өсімдіктің атауы кейбір түрлеріндегі жапырақтардың арыстанның табанының ізімен ұқсастығымен негізделген, ал сіздер білетіндей, "Leon" – ағылшын тілінің сөзінен шыққан "Арыстан" дегенді білдіреді.

ҚР Қызыл Кітабына енгізілген және ерекше қорғауға жатады.

Біз сіздерді гүлдену кезеңінде наурызгүлдерді жұлмауға және көктемде айналаңыздағы табиғатты қорғауға шақырамыз!

Материалды дайындаған ҒМЭжТ бөлімінің зертханашысы
Ю.А. Маткова
Фото авторы Н.В.Премина