Риддер қаласында, бүкіл әлемдегі сияқты, біздің елімізде 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Парктер шеруі – 2021" Халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды.
2021 жылғы 10 наурызда "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-де "Тәуелсіз Қазақстанның табиғаты – біздің ортақ болашағымыз!" ұранымен 2021 жылдың 5 маусымына дейін жалғасатын "Парктер шеруі – 2021" Халықаралық табиғат қорғау акциясының іс-шаралар жоспарын өткізу және бекіту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Акцияның дәстүрлі түрде ұйымдастырушылары- "Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ, "Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ қолдауымен "Бумеранг" ҚҰ, Мәдениет және білім беру мекемелерінің қолғабыс етуімен, "Пихтов орман шаруашылығы" КММ, "Риддер орман шаруашылығы" КММ, "Қазмырыш" РКБК ЖШС.
«Парктер шеруі 2021» акциясы аясында өткізуге жоспарланып отырған шаралар:
- келесі тақырыптағы шығармашылық байқаулар: Батыс Алтайдың тірі табиғаты, жануар- бұлан, 2021 жыл құсы - Бірқазан, қызыл кітапқа енген өсімдік – кестежусан (ұйқы шөп) келесі номинациялар бойынша:
- сурет, плакат, қолөнер бұйымы (кәдесый);
- фотобайқау;
- «Музыкадағы табиғат» Отанның құпия әуендері , Сырлы саз – Отанға.
- Жалпы білім беретін мекемелердегі дәрістер, әңгімелер, қорықтың мұражайында экскурсиялар;
- «Мекенім жасыл орманым» Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні;
- «Қазақстанның табиғи байлығы» атты балалар суреттерінің, плакаттарының, кәдесыйларының, фотосуреттерінің көрмелері
- «Менің Қазақстаным!» тақырыбы бойынша «Қорықтық пленэр» акциясы
- «Беймәлім қорық» фото туры;
- Табиғат қорғау акциясына қатысушылар арасында "Парктер шеруі 2021" акциясына қатысу бойынша үздік есеп (презентация) байқауы;
- Риддер қаласының табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің спартакиадасы шеңберіндегі спорттық іс-шаралар;
- Акциялар:
- «Құстар үйі» ( 10 ақпанда басталып 20 наурызға дейін созылады);
- «Жерді қоқыстан тазартамыз»,
- «Қорықтық пленэр (жас суретшілердің қорық аумағына шығуы);
- Акцияларға, барлық мәдени-көпшілік іс-шараларға, қорық аумағына экскурсияларға қатысу үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды және халықтың әлеуметтік осал топтарын тарта отырып, "Қайырымдылық керуені";
- Экологиялық әндердің фестивалі (Жер күніне арналған іс- шаралар)
«Ак-Кем Риддер» ҚҰ жетекшісі Денисова Н.В. табиғи материалдан қолөнер бұйымдарына және тастарға сурет салудан шеберлік сабағын жүргізуді ұсынды.
Шекара отрядының бастығы спартакиада шеңберінде спорттық іс-шараларға қатысу үшін команда құруға ниет білдірді.
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Риддер қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Н.А. Боровая табиғатты қорғау акцияларына қатысу үшін кәсіпкерлер, сондай-ақ әйелдер мен балалар арасындағы белсенді ынтымақтастықты ұсынды.
Акция қорытындысы негізгі шаралар аяқталған соң шығарылатын болады.
Қосымша ақпарат үшін Батыс- Алтай МТҚ байланыс телефоны 4-09-27 немесе электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/640-v-gorode-ridder-kak-i-vo-vsem-mire-startovala-mezhdunarodnaya-prirodookhrannaya-aktsiya-marsh-parkov-2021-kotoraya-provoditsya-v-nashej-strane-s-1996-goda-2.html#sigFreeId86a1bc61b1