Ұзын құйрықты шымшық.

Ұзын құйрықты шымшықтың құйрығы ұзын және құюға арналған қасыққа ұқсас өзінің ерекше мамық шар тәріздес денесімен ерекшеленеді. Бұл түр- ұзынқұйрықты шымшықтар тұқымдасынан шыққан ең көп таралғандары, Азия мен Еуропада мекендейді. Сайрайтын ұзын құйрықты шымшықтың салмағы небәрі 10 граммды құрайды. Денесінің ұзындығы 6-7  см жетеді,  құйрығының ұзындығы 10 см дейін, ұзындығына қарай, қанатының ұзындығы 20 см дейін.  Ұзын құйрықты шымшықтың  қанаттары қалың және үлпілдек. Аталықтары мен аналықтарының сыртқы түрлері бірдей еш айырмашылықтары жоқ.

Шымшықтың балапаны негізінен ұсақ жәндіктермен, жұмыртқаларымен және өрмекшілермен  қоректенеді. Жемін іздеген кезде құс бұтақтан бұтаққа оңай секіріп, құйрығын жоғары көтеріп, төменге басымен салбырап тұра алады. Қысқы кезеңде ағаш тұқымдарымен және басқа да өсімдікті жеммен коректенеді. Ұзын құйрықты шымшық отырықшы құс, кішкентай топпен тіршілік етеді. Тек құстың жеке топтары ғана, солтүстік өңірдің тұрғындары айтарлықтай емес қашықтыққа ғана көше алады. Шымшықтардың өмір ұзақтығы 8 жыл. Наурыз айында өмірлерінде маңызды кезең бола бастайды- жұп құрайды. Сәуір айы бойы ұя салады. Жұмыртқаны аталығы да аналығы да басады. Ол екі аптаға шейін созылады. Осы уақыт аралығында өмірге кішкентай және қорғансыз балапандар дүниеге келеді. Ұяларында саны 15 жететін балапандар болады. Сосын екі аптадан кейін балпандар қауырсынданып, ересек құстарға ұқсап қалады. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында ұзын құйрықты шымшық қарапайым, ұя салатын және қыстап қалатын құстардың бірі. Ивановский, Линейский, Холзун, Көксе және Ульбинский жоталарының тайга баурайында, сондай-ақ Тұргұсұн, Громотуха, Ақ және Қара Оба өзендерінің алқаптарында шыршалы және аралас ормандарда тіршілік етеді.

Біздің аймақта бұл құстың санының азаюына жол бермеу үшін табиғат аясында негізгі мінез-құлық ережелерін сақтау қажет.

Құстардың тіршілік ету ортасына мұқият болыңыз, оның ұяларын бұзбауға тырысыйық. Әрине, табиғаттыаялайық,қорғайық!

 

 Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы

Завьялова И.Н.

Фото авторы Клименко А.А.