Батыс-Алтай қорығының Линейский жотасының оңтүстік беткейлерінде көктемгі қар еріп, ашылған ойдым жерлерде қардай аппақ жібектей жапырақшаларымен шашылған алтай желайдарының  ұсақ гүлдері көктемнің жеңіл желімен тербеледі.  Салқын ауаның лебінен барлық өсімдіктер қалтырап, әсіресе желдің қызы – желайдар  жапырақтарын ерекше  шайқайды.

Желайдар (Anemone)- сарғалдақ (Ranunculaceae)    тұқымдасынан шыққан көп жылдық шөпті өсімдік түрі.  Бір жүз жетпіс түрі бар, соның екеуі қорық аумағында өседі-  Алтай желайдары  (Аnemone altaica) және көгілдір желайдар  (Anemone caerulea).  Өсімдіктің қазіргі ғылыми атауы грек сөзінен «жел» деген мағынаны білдіреді, дегенмен сөзбе сөз аудармасы- «желдің қызы». Бұл атау оған желге деген сезімталдығы үшін берілген.  Бірақ Солтүстік жарты шардың  тропикалық белдеуден тыс  қамтитын өсіп келе жатқан аймақтың орналасуы бойынша өсімдік суық ауа райына сезімтал еместігі айқын. Желайдар ормандарда, ылғалды тау аңғарларында, субальпілік шалғындарда және тундрада өседі. Кейде еріген лас қардың тығыз қабаты арқылы ол күн сәулесіне ақ, ​​күлгін, көк немесе сары түсті  нәзік жапырақтарын көрсетеді.  Түстердің бұл әртүрлілігі  түрлі түрлерге тән, бірақ біздің қорықта ақ (Алтай) және көгілдір  желайдардың  гүлдері ғана өседі.

Желайдар таулардың беткейлері мен орман шеттерін безендіріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды гүлзарларда қолданады.  Сондай-ақ, адамдар бұған дейін желайдардың  кейбір түрлерін (мысалы, әлсіз желайдар - қорықта өспейтін түр) жебе уын өндіру үшін шикізат ретінде қолданған деп болжануда. Бұл сарғалдақтар тұқымдасынан шыққан көптеген түрлері улы болып келгендігімен байланысты, желайдар да бұл қатарға жатады.

Көктем келгенде және табиғат суықтан оянғанда осы бір наурызгүлдерді жұлмауға   шақырамыз. Жаңа өмірдің пайда болуын бірге қорғайық.

Материалды дайындаған ҒМЭжТ бөлімінің зертханашысы
Ю.А. Маткова

Фото авторы Н.В.Премина