Күн сайын қанатталардың сайрауынан қуаныш  алу үшін, қысқы суық кездері оларға қамқорлық жасау керек.

 

Қалалық саябақтарда ұзын құйрық сары шымшықтар мен үлпілдек бозшымшықтар жүр. Ал торғайлар, шауқарға, көгершіндер тіпті терезе алдынан кетер емес. Таң атқаннан кеш батқанға шейін суық күндері құстар өздеріне жем іздейді. Адамдардың көмегінсіз болмайды. Қыстап қалатын құстарға тіптен қиын бұл кездері.  Қар басқан Риддерде осы құстар үшін қол жетімді азық айтарлықтай аз. Қыстың екінші жартысы кезі- қыстап қалатын құстар үшін ең қиын мезгіл: ағаштар мен бұталардың басындағы тұқымдар түгел дерлік тазаланып қойған, шетен, долана, бөріқарағаттың жидектері жерге түсіп, қардың астында. Күндізгі жылымық пен аязды түннен  кейін еріген қар мұзқатқаққа айналады. Ол қатқақтан әлсіз құстар азығын таба алмасы сөзсіз. Көптеген құстар қыстың суығына төзе алмай, өліп жатады.   Сондықтан да құстарға қосымша азық беріп, қыстың ауыр күндері олардың күн көруіне мүмкіндік берсек.

 

№16 мектептің ауласында қашан да көңілді. Құстарға арнап жасалған  үйшіктер  мен құсқа жем салатын астаулар өте көп.  Ұстаздар мен оқушыларға мың алғыс!

 

Біз, «БАМТҚ» РММ қызметкерлері Риддер қаласының тұрғындары мен барлық білім бөлімдерінің оқушыларын осы қанатты достарымызға қамқорлық жасауға және  әрқашан «Құстарды қыста тамақтандырайық!» акциясына қатысуға шақырамыз.

Эктова Т.

«Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»

РММ ҒМЭАжТ бөлімінің маманы