2021 жылдың 28 қаңтарында бірлескен іс- шаралар жоспарына сәйкес, «Батыс-Алтай мемлекетттік табиғи қорығы» РММ қызметкерлері Риддер қаласының табиғатқорғау полиция қызметкерімен «Белая Уба», «Черная Уба», «Коксинский» айналымдарында бірлескен рейдтік шара жүргізді. Сонымен қатар  мемлекеттік инспекторлармен «Табиғатқорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Рейдтік шаралар барысында табиғатқорғау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Батыс- Алтай қорығының аумағында бөгде адамдар болған жоқ.