Шелна  (Sanguisorba) - раушангүлділер тұқымдасының көп жылдық шөптесін өсімдіктері. Отыз шақты түрлері бар. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында  екі түрі өседі- альпа шелна (Sanguisorba alpina) және дәрі шелна (Sanguisorbia officinalis).  

Оның сабақтарының ұштарындағы түйіндерге ұқсас, қан қызыл түстес гүлдерден тұратын гүлшоғыры ерекше көрінеді.  Жапырақтары жылтырақ, қою жасыл,  жиегі бойынша аратіс. Өсімдіктің жас жапырақтары  жеуге жарамды және дәмі қиярға ұқсайды.  Дәмдеуіш ретінде және сірке суын хош иістендіру үшін  пайдаланылады. Медицинада және фармакологияда дәрілік түрі ғана қолданылады. Сұйық сығындысы тамыр тарылтқыш және қабынуға қарсы препарат   ретінде қолданылады. Тамырының қайнатпасын ішке қолдануға пайдаланады. Халық медицинасында асқазан- ішек жолы мен жатырдан қан кету ауруларында ертеден қолданылған. Ескі ғұрыптарға сенсек бұрын балаларды неврологиялық аурулардан шелнамен емдеген. Ішек таяқшаларына қатысты бактерицидті қасиеті бар екен. Өсімдіктің  жапырақтарында аскорбин қышқылы бар. Жақсы бал алатын және жем шөп бола алады. Күзде дайындалып, кептіріледі. Шалғындарда, қыраттарда, батпақ пен өзендердің жағасында өседі. Ежелгі рим құдай әйелі Флорамен байланысты аңыз бар, яғни сүлікті шөпке айналдырған, сосын ол өсімдіктер патшалығында оған қызмет еткен деген. Латын және орыс тілдеріндегі атауы дәрі шелнаның типтік түрінің қан қалыптастыру қасиетінің көрінісі болып табылады.  Қызыл кітапқа енгізілген.

Материалды дайындаған ҒМЭжТ бөлімінің зертханашысы
Ю.А. Маткова

Фото авторы Н.В. Премина