2021 жылдың 15 қаңтарында Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратында Президент Жолдауы аясындағы шараларды сүйемелдеу бойынша есептік жиналысы өтті, онда «БАМТҚ» РММ директорының м.а. Л.Н. Винокурова Риддер қаласының қоғамдық ұйымдарына, Қоғамдық кеңес өкілдеріне қорықтың табиғатқорғау қызметі туралы таныстырылыммен бірге сөз сөйледі.

Қатысқандар: «Нұр-Отан» партиясы, Риддер, Пихта орман шаруашылықтарының өкілдері, «Бумеранг» МЭБ басшысы, Риддер қ. ПД, қорық қызметкерлері. Сонымен қатар олардың назарына «Шыршаны сақтаймыз және қорғаймыз» акциясына қатысқан жұмыстардың көрмесі ұсынылды.