2021 жылы 14 қаңтарда Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратында мемлекетттік инспекторлардың жоспарлы жиналысы өтті. Жиналыс барысында қорықтық аумақтың күзету тәртібін қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұрақтары талқыланды. Бұған қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бойынша дәріс тыңдалды, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне Қазақстанда кім көбірек әсер етеді?», тыңдаушылар назарына ұсынған заңгер Абдрахманова А.С. Бұдан басқа табиғатқорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекс нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық жалпыоқу өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар алдағы вахталық кезекшілікке ағымдағы тапсырмалармен таныса алды.