«2020 жылдың Жаңа Жыл қарсаңында «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында қылқан жапырақ түрлерінің жас шыбықтарын қорғауды күшейту туралы» «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» РММ 2020 жылғы 30 қарашадағы № 27-5-6/220 бұйрығына сәйкес 22.12.2020 жылы қорық қызметкерлері Сіләмов А.А және Биахметов А.Б табиғат қорғау полиция қызметкері Д.О. Есембаевпен бірлесіп «Ақ Оба» аумағындағы №51 айналымында және «Палевая Яма» аумағында рейдтік шара жүргізді. Рейдтік шара кезінде табиғат заңнамасын бұзушылық факторы тіркелген жоқ.