Иконников түнжарқанаты- сүтқоректілер классына жатады. Қазақстанның Қызыл Кітабында- IV категория (сирек кездесетін, аз зерттелген түрлер). Сыртқы ерекшеліктері: арқа жағы жылтырақ, алтын- қоңырқай түстес, ал негізі- қара түсті. Төменгі жағы сұр, қоңырқай реңк. Денесінің ұзындығы 37-44. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында жарқанаттың мекен ету ортасы- таулы тайга, өзен алқабы, тасты кертпештер. Күндіз мекендейтін жерлері жартастардың саңылаулары мен сызаттары, ағаштардың қабығының астында, ағаш кордондардың саңылауларында. Үлкен емес колониялармен тұрады немесе жалғыздан. Азығына толық қараңғы кезде шығады, орман шалғындарының үстімен аулайды, 1-3 м биіктікте, ұшуы ақырын, кенеттен бұрылыс жасамайды, күндізгі ірі көбелектердің ұшуын еске түсіреді. Ұсақ түнгі жәндіктермен қоректенеді. Түні бойы үзіліс жасап коректенеді. Шілде айының ортасында ұрғашысы бір күшігін дүниеге әкеледі. Түрлерді сақтау үшін қажетті шаралар: таралуын егжей-тегжейлі зерттеу қажет, бұл салыстырмалы түрде саны көп жерлерді анықтауға және тиімді қорғауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қорық режимін сақтау.

Материалды дайындаған  ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту бөлімінің маманы  И.Н.Завьялова.