Арша (жемісі хош иісті тікенек жапырақты бұта)- мәңгілік өмірдің нышаны.

 

Батыс- Алтай қорығының аумағында үш түрі өседі: боз арша (Juniperus pseudosabina), казак  арша  (Juniperus  sabina) және  сібір аршасы (Juniperus sibirica). Мәңгі жасыл бұталардың бұл тұқымы түріне қарай  биіктіктері де  түрлі, қабыршақ түрлес қылқаны бар, тұқымы-  үлкен емес бүршік жидек, жиі қоңыр- қара түстес үстіңгі жабындысы көкшіл сұр түсімен  болады.  Өсімдік фитонцидтерді белсенді буландырады  және айтарлықтай ауаны тазартады.

Өсімдіктің барлық  бөлігі адамдармен  әртүрлі  мақсаттарда қолданылады. Сүрегінен  арша  майын алады, бұтақтарынан қайнатпалар, сығындысын медицинада қолданады, тағы аспаздықта дәмдеуіш ретінде пайдаланады, бұл жерде тек кәдімгі арша ғана жарамды, ал   қалғандары   улы болып келеді.

Алтайдың  ұлы ормандарының кез келген қсімдігі туралы сияқты аршаға байланысты да аңыздар баршылық. Солардың ішінде көп таралғаны-  Арго кемесінің саяхаттары туралы ежелгі грек  аңызы. Медея мен Ясон алтын жабағыны алғайы  келгенде, күзетіп жатқан  жылан  оларды  қарсы алады.  Сол  кезде  Медея  оны қылқанының хош иісі тараған аршаның бұтағымен ұйықтатып тастаған.  Тағы көптеген аңыз- әңгімелерде  аталған  өсімдік  сауырағашпен байланысты. Гүлдердің  тілінде айтатын  болсақ, арша  қорғаныс , мәңгілік өмір дегенді білдіреді екен. Осыған бола оны тіпті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Тағы арша сауырағаш сияқты ежелгі гректер үшін өлім мен қайта  өмірге келуді білдіреді, себебі  болмай қалмайтын  өлім мен жаңа өмірдің басы дегендермен  қауымдасады.   Жаққан кезде діни алауларда бальзамды иіс беріп, адамдарға тылсым бір қасиетті қорқыныш сезімін сездіреді.

Материалды  және фото дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің зертханашысы Ю.А. Маткова.