Сепкіл шолпанкебіс- орхидеялар тұқымдасына жатады. Аталған өсімдік Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Табиғи жағдайда сепкіл шолпанкебіс Батыс- Алтай қорығында өседі, онда ол табиғи ортада белсенді қорғалады және зерттеледі.
Сепкіл шолпанкебіс бұл көпжылдық шөпті өсімдік болып табылады, биіктігі тіпті жиырма бес сантиметрге жетеді. Айта кетсек, бұл өсімдік өте маңызды емдік қасиетке ие, бұл оның пайдалы құрамымен байланысты. Емдік мақсатта өсімдіктің жерүсті бөлігі пайдаланылады, дәлірек айтсақ: гүлі мен шөбі. Өсімдіктің химиялық құрамы әлі толық зерттелмеген. Дегенмен арнайы зерттеулер сепкіл шолпанкебістің құрамында эфир майлары, илік заттектер, тағы шайыр бар екендігін көрсетті. Бұл өсімдікті уыттылардың қатарына жатқызу керек. Сепкіл шолпанкебіс тыныштандыру, қысымды төмендету, сонымен қатар ауырсындырмау әсерлерін тигізеді.
Халықтық медицинада кең таралған тұндырмасы ғана емес, сепкіл шолпанкебістің гүлдерінен тұнбасы да пайдаланылады. Бұндай заттар жүйке- психикалық ауытқуларда жайбарақаттандыратын зат ретінде қолданылады. Әсіресе тұндырмасы мен тұнбасын талмалы ауруда, балаларда болатын құрысуларда, жүйкесі жұқару мен ұйқысыздықта пайдалануға кеңес беріледі. Бұған қоса бұндай заттар несеп айдайтын дәрі ретінде пайдалы болып саналады. Бұл өсімдікті көбейтудің шектеуші факторлары - аумақты шаруашылық мақсатта игерілуі, рекреациялық жүктеменің күшеюі, букеттерге, кейде дәрілік шикізатқа жинау. Белгілі популяциялардың жағдайын бақылау үшін халықтың осы өсімдікті жинауына толық тыйым салу қажет.
Материалды дайындаған ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту бөлімінің маманы И.Н.Завьялова.
Фото авторы -аға ғылыми қызметкер Н.В. Премина.