Бадан туралы 8 қызықты деректер
- Баданды тағы да пілдің құлақтары деп те атайды. Бұл оның жапырақтарының көлемі мен пішініне байланысты.
- Табиғатта баданның ең қалың қопасы теңіз деңгейінен 1000 метрден 1700 метрге дейінгі биіктікте байқалады. Таулар- оның сүйікті өсу ортасы.
- Бадан мәңгі жасыл өсімдік болып табылады. Оның жапырағы қардың астында бірнеше жыл жақсы сақталады, сосын барып қурайды.
- Бадан шайы өте пайдалы және емдік болып саналады. Қыстан шыққан қара құрғақ жапырақтарын қайнатады. Оларды ұсақтайды, сосын кәдімгі бір қайнатымның орнына пайдаланады. Бірақ баданды көбірек 20-30 минуттай бықтыру керек.
- Күзде баданның жапырақтары кемпірқосақтың барлық түсіне боялады. Бір өсімдіктің өзінде жасыл, сары, қоңыр қызыл, қызғылт және қызыл күрең түстер кездеседі.
- Баданның тамыр сабағының ұзындығы 3 метрге дейін жетеді екен. Онда өте көптеген мөлшерде илік заттар болады. Өсімдіктің жасы өскен сайын ондағы илік заттар да көбірек болады. Сондықтан баданның тамыр сабағын халық медицинасында көп пайдаланады.
- Батыс-Алтай қорығында етжапырақ бадан орманды, субальпілік және альпілік белдеулерде теңіз деңгейінен 1000-2000 метр биіктікте, кейде тіпті 2600 метр биіктікте өседі.
- «Заповедные дали» бағытымен серуендегенде ерте көктем кезінде қою жасыл ет жапырақ баданның «пілдің құлағы» жуан қысқа шыбықтары қардан шыға өсіп келе жатқанын көруге болады. Ал сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында ол гүлдей бастайды және өзінің әсемділігімен маусым айының аяғына дейін қуантады.
Материалды дайындаған: ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы- И.Н. Завьялова.
Фото автордікі.