Бұл осы ұйымның «Адам және биосфера» бағдарламасы аясындағы Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясында қабылданған шешім. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы туралы таңды таңға ұрып әңгімелеуге болады. Шығыс Қазақстанның жауһары десек те жарасады. Ол Сібір мен Азия сияқты аймақтардың түйіскен жерінде орналасқан. Оның аумағында әр түрлі табиғи зоналардың жануарлары өмір сүреді, сан алуан өсімдіктер өседі. Бұл ерекшелік шетелдік мамандарды қызықтырған, ал қорық ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының дүниежүзілік желісіне енгізілді. Баты Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аң-құстарының әртүрлілілімен ерекшеленеді. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген жануарлар мекендейді. Кез келген адам Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының сұлулығын тамашалау үшін экскурсияға жазыла алады