Тас үйіндісінде әрең көрінетін, қара жолақпен дөңгеленген, ашық қызыл және қызғылт сары дөңгелектері бар, ақшыл сұр қанаттарымен үнсіз қалықтап тұрған, желкенділер (Papilionidae) тұқымдасынан шыққан үлкен Аполлон (Parnassius Apollo) көбелегі біздің қаланың тұғындарын қашанда да тамсандырады. Қанатын жайғанда оның ұзындығы 9 см жетеді екен, негізінде түсі ақсары, жиірек ақ түсті болып келеді, бірақ шебер табиғи өрнектің арқасында олар табиғи тастың түсіне ұқсас болып көрінеді. Биікке қарай ұшқанда жұқа қанаты тіптен шаламөлдір болып көрінеді. Әрине, мұндай көрінбейтін түс жасырыну кезінде көмегін тигізеді, дегенмен төменгі қанаттарындағы жарқын ірі дөңгелектер бәрібір де адам көзіне түседі, ал құстар үшін бұл уландырғыштық белгісі. Ақырын ұшады, жиі сарықалуен, гүлкекіре, егінек, жұпаргүл сияқты ірі гүлдерге қонады. Айтпақшы, бұл көбелек биік тауларды жақсы көреді, сондықтан да биікте ұшып жүреді, тіпті 3 мың метрге дейінгі биіктікте. Осы жерден оның ежелгі грек мифологиясындағы ең әдемі құдайдың, музалар мен күн шуағының жебеушісі құрметіне аталғанына байланысты жорамалдар шыққан. Аполлон көбелегі ылғи күнге қарай жақын болуға ұмтылғандай.
Аполлонның жас жұлдызқұрты қара түсті, екі бүйірінде жиі сары дақтарымен болады, бірақ уақыт өте келе дақтар қызыл түске айналады. Рационының негізін бозкілемнің алуан түрлері құрайды. Ол жұмсақ коконда жатып, тікелей жерде көбелекке айнала алады. Өкінішке орай, көбелектің бұл түрі жойылып кету қаупінде. Лепидоптерологтар дың айтуынша егер де жаһандық жылыну басталса бұл жұлдызқұрттардың жұмыртқадан ерте шығуына, ал бұл тамақ пен тұрақты температура режимі болмағандықтан олардың өліміне әкеп соғады.
Материалды және фото дайындаған ҒМЭжТ бөлімінің зертханашысы
Ю.А. Маткова