Қарғатектестер тобында үлкен емес, сыртқы түрі жорғаторғайға ұқсас болып келетін өте әдемі құс бар. Ол құс абдырық деп аталады. Оның орташа ұзындығы 26 - 30 см, салмағы 70-100 г. Сыртқы жағынан торғайға өте ұқсас. Жүнінің қарапайым түсіне ие бола отырып, құс діңдердің, қыналардың түсімен және орманның жалпы көрінісімен үйлеседі. Бірақ осы уақытта көзге оның ала қызғылт сары құйрығы көзге түседі, бұл оны басқалардан ерекшелендіреді. Құстың өзіндік басқалармен салыстыруға болмайтын даусы бар. Абдырық ерте ән сала бастайды.Қызығы, жас құстардың алғашқы әуендері түсініксіз ысқырықтың сүйемелдеуімен міңгірлеуге көбірек ұқсайды. Ал ересек құстардың әнін ұйып тыңдауға болады, олар шықылықтан, құбылған дыбыстардан және қысқа ысқырықтардан тұрады. Жалпы абдырықтың әні суықторғайлардың әніне ұқсас, бірақ әнінде дыбыстар көбірек, сондықтан қанық әрі жарқын шығады. Абдырықтың әні сондай қатты емес, сондықтан бәрі бірден ести қоймайды. Тағы бір дауыс құйрығын басып кеткен кездегі мысықтың даусына ұқсас болып кетеді. Ағаштардан ағаштарға көшкенде олар өзара шақырысып, осындай дауыстар шығарады.

Батыс-Алтай қорығында абдырық сирек кездеседі, ұя салуы мен қыстауы қорықтың күңгіртқылқанды тайгасында өтеді, әдетте Линейский жотасында. Ұя салатын жақын орындары Риддер қаласына жақын Убинский жотасында. Ұяларын 2 ден 6 метрге дейінгі биіктікке салуға тырысады. Ұялары ұқыпты, берік және пішіні тостаған тәрізді болып келеді. Құрылыс материалдары ретінде ағаштардың түрлі бұтақтары мен шөптің сабақтарын пайдаланады. Ұяларының шебер жасалғаны соншалық, оларды ағаштан әрең көруге болады.

Бұл құстарда мүлдем адам баласынан қорқу деген жоқ, жұппен басқалардан бөлек өмір сүреді. Бұл құстарды кездестіріп жатсаңыз үлкен сәттілікке ие боласыз, себебі олар өздерінің жүрген жерін көп көрсетпейді, бірақ тыңдап тұрсаңыз, тыныш әрі жұмсақ әнін естуге болады.

Материалды дайындаған ҒМЭАжТ бөлімінің маманы Завьялова И.Н.

Фото А.А. Клименко