2020 жылдың 28 қазанында ЮНЕСКО (Бірікке Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы) МАВ (Адам және биосфера) бағдарламасы Халықаралық үйлестіру кеңесінің 32-ші сессиясында, онлайн форматта өткен, Алматы мен Батыс- Алтай қорықтарын ЮНЕСКО-ның әлемдік биосфералық резерваттар желісіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының екі өтінімі мақұлданды.
Аталған өтінімдер ҚР БҒМ География институты мен ботаника және Фитоинтродукция институты, Зоология институты ғалымдарының әзірлемелері негізінде дайындалды.
Екі қазақстандық қорықтың халықаралық деңгейде тану фактісі біздің елдегі ЕҚТА жүйесі жұмысының жоғарғы сапасын және республиканың жаратылыстану ғылымдарының даму деңгейінің бірдей жоғары екендігін көрсетеді.