Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі герпетофаунасы қосмекенділердің 2 түрін қамтиды:

Кәдімгі құрбақа (құрбақа тұқымдасынан) Ақ Оба және Қара Обаның  батпақты алқаптарында мекендейді. Көксе жотасының оңтүстік беткейінде Қара Обадан Көксе асуына дейінгі жолда  кездеседі.

Құрбақа денесінің ұзындығы- 20 см-ге дейін.  Еуропадағы ең ірі құрбақа болып саналады.  Көздері қызғылт сары, көздерінің қарашығы  көлбей. Өңі жынысы мен жасына байланысты болады, жыл мезгіліне байланысты жалғыз сұр емес, сонымен қатар зәйтүн, қара қоңыр, теракоталық, құмды. Тері бездері адам үшін мүлдем қауіпті емес аз мөлшерде  у  бөледі.

Дегенмен, құрбақаның жер үстімен қозғалуы адымдау арқылы болады, секірумен емес. Құрбақа қауіп - қатер төнген кезде ғана секіреді. Құрбақа  тыныш күйінде  тек адымдап қозғалады. Өте үлкен жануарды көргенде- құрбақа қатып қалады.

Құрттармен, ұлулармен, қоңыздармен, өрмекшілермен, аралармен қоректенеді.

Сүйіртұмсық бақа - (бақалар тұқымдасынан) қорықта жер- жерде мекендейді- Ивановский, Көксе, Холзун, және Үлбі жоталарындағы тайгаларының белдігінде, Ақ, Қара Оба, Тұрғұсұн, Громатуха, Быструха және Үлбі өзендерінің алқаптарында. Батпақтарда, қайыңды, шыршалы ормандарда және жоталардың етегіндегі аралас ормандарды мекендейді, өзендер мен өзендердің бастау көздерінде, дөңгелек жапырақты қайың және сазды-мүкті жерлерді мекендейді. Сүйіртұмсық бақа шөпті бақаға өте ұқсайды. Денесінің ұзындығы 4-7 см, салмағы 5-30 грамм. Тұмсығы ұшталған. Арқасы ашық- зәйтүн түстес, ашық қоңыр, қызыл- кірпішті немесе қара. Бауыры бір түстес, ашық.

Ашық және құрғақ жерде жүретін бақалар қалың және ылғалды шөптерде, бұталарда, ормандарда мекендейтіндерге қарағанда түстері ашығырақ болады. Бақалар түрлі омыртқасыздармен қоректенеді: шыбындар, масалар,бөгелектермен, ұлулармен, судағы омыртқасыздармен. Жәндіктерді аулаймын деп сүйіртұмсық бақа өзі жиі біреудің азығына айналады. Риддер өңірінде қосмекенділер жиі дымқыл және көлеңке жерлерде кездеседі- бау- бақшаларда, тастардың үйінділерінде кездеседі, ал Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында қорғалады және қазіргі уақытта ұйқыға кеткен.

 

Материалды дайындаған ҒМЭжТ бөлімінің маманы Т.В. Эктова

Фото авторы А.А. Клименко