2020 жылдың 24-25 маусым күндері Өскемен қаласында  «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры «Жобаны тиімді басқару: өсу нүктелері» тақырыбында оқыту семинар - тренингін өткізді. Семинарда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру мәселелері қаралды.

Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы - экологиялық жобалар бойынша «Бумеранг» мәдени-экологиялық бірлестігінің серіктесі.Қорықтың атынан қатысқан өкілдер: аға ғылыми қызметкер - Наталья Викторовна Премина және Карагоз Серикказиевна Серекова- ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы.Семинар өте пайдалы, танымдық, қызықты өтті. Экологиялық білім беру және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективалары белгіленді.