Қарға көз - бұл шөпті көпжылдық өсімдіктің тамыр сабағы созылыңқы, жоғары жағында жалғыз түзу тұратын өскіні бар. Осы өскіннің жоғарғы бөлігінде төрт кең жапырақтан тұратын күлтебасы бар, олар бір өзінше «мальтийский крест» құрайды.

Осы «кірестің» ортасында жұқа гүлсидам жоғарылайды, жасыл гүлі бар, оның орнында кейін уақыт өте келе ірі жидек піседі. Осының арқасында өсімдік өзінің атауына ие болып отыр- қарға көз. Сәуір- мамыр, мамыр- шілдеде гүлдейді. Өсімдік улы және өте қауіптілер санатына жатады. Әдеттегі атауынан басқа- қарға көз, тағы басқа атаулары: қасқыр көздері- жемісінің түсіне қарай, көкектің жасы, аюдың жидегі, кірес- шөп. Көгілдір- қара жидек иісі жаман, бірақ қаражидекке ұқсас, сондықтан ол балаларға қауіпті. Құстар оның жемістерімен қоректеніп, олар зияны келмейді, олар өсімдіктің таралуын болдырады. Қарға көз Алтайда кездеседі, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи аумағында. Ол типтік орман өсімдігі, көлеңкеленгенді жақсы көреді, бай орманды төсемесі бар ылғалды борпылдақ топырақты жақсы көреді. Қышқыл топыраққа жақсы төзеді, сондықтан да қылқанды экожүйелерде таралған. Қарға көзді майда ағаштардың арасында да кездестіруге болады, жыралардың беткейінде, орман көлдерінің, өзщендердің жанында.Бұл қарға көз сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қсімдік түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Барлық санаттағы жерлерде Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз алғаны, дайындағаны, залал келтірген немесе жойғаны үшін , жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынады, әрбір шөптесін өсімдік немесе саңырауқұлақты арнайы рұқсаттамасыз жинап алғаны үшін, мөлшеріне қарамастан. Айыппұл мөлшері 0,5 АЕК құрайды, ҚР ҚК 31.05.2007 ж №441 бекітілген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сирек және жойылып кету қаупі бар, сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген өсімдік түрлеріне заңсыз әрекет еткені үшін қылмыстық жаза қолданады, ҚР ҚК 339 бабы бойынша, үштен жеті мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлмен жазаланып, немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу, мүлігін тәркілеу, белгілі бір лауазымынан айыру құқығы немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру жазалары қарастырылған.