Қасқырлардың өмірінен қызықты деректер
- Қасқырлар Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында тұяқтылардың көші- қоны кезінде және жазғы кезеңде кездеседі, тағы фототұзақтың кадрларынан көру мүмкіндігі бар. Бұдан басқа мемлекеттік инспекторларға 5 қасқырдың күшігін көру мүмкіндігі бұйырған.
- Қасқырлардың иттерге қарағанда миы 30% үлкен, бұл қасқырлардың қажетті ақпаратты сақтау мүмкіндігі көбірек екендігін білдіреді.
- Үйірдің бастаушысы өз үйірінен ылғи да алдында жүреді, құйрығын биіккке көтеріп алып.
- Иіс сезу қабілеті олардың көп есе тапқыр, адамдарға қарағанда. Қасқырлар иісті 15-20 км қашықтықта сезе алады.
- Қасқырлардың жүні екі қабаттан болады, теріасты және үстіңгі қатты шаштары. Теріасты ылғалды жібермейді, аязда жылытады, ал үстіңгісі түсін беріп, суды итеру қызметін атқарады.
- Күшіктері туылғанда көздері көкшіл түстес болады, 2-4 айдан соң өзгеріп, сары алтын түске айналады. Өмір бойына көздері көкшіл болып қалатындар сирек.
- Қасқырлардың өзінше сөйлесу жүйесі бар. Олар қатынас ретінде ұлу, қыңқылдау, ырылдау, шәуілдеу, арсылдау және басқа түрлі қозғалыстарды пайдаланады.
- Қасқыр сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады және 5 метр биіктікке дейін серкіре алады.
- Бір түн ішінде 80 шақырым ара қашықтықты жүріп өте алады.
- Ең үлкен қасқырдың үйірі 40 түрден тұруы мүмкін.
- Қасқырлардың есту қабілеті өте сергек. Ашық алаңда өте не аз қатты дыбысты 7-8 км қашықтықта ести алады.
- Бәріне белгілі, қасқыр кейде өлімтікті жейді. Олар тек қатты аш болғанда ғана осылай ете алады.
- Жалғыз қасқырлардың қауіптілігі азырақ, үйірге қарағанда, себебі санында емес, тек олар жалғыз жүргенде батылдыққа бара бермейді, жалпы сақ жүреді.
- Азықсыз 5-7 күнге дейін шыдай алады екен.
- Бұл жыртқыштар моногамиялыық өмір салтын ұстанады. Әрқашан олар жұбын бір рет және өмір бойына құрады.
- Олардың тістері олардың ерекшеліктеріне қарай мөлшері мен пішініне қарай, жемтігін тез өлтіре алуы сирек, сондықтан үйірге тап болған елік әдетте тірідей желінеді.
- Жүзуді жақсы көрмейді, дегенмен жақсы жүзеді.
- Аш бола тұра ересек қасқыр бір дегенде 8-10 кг азықты жеп қояды.
- Жаңа туылғандаары алғашқы уақытта соқыр әрі керең болады.
- Бастаушының ұрпағын әдетте бүкіл үйір тәрбиелейді.
- Жабайы табиғатта адамдарға сирек шабуылдайды. Әдетте құтырық ауруымен ауыратындары ғана шабуылдайды.Саулары адамдардан тысқары жүруді таңдайды