Еліктердің өмірінен қызықты деректер

  1. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында еліктер жиі кездеседі, бұзаулауы «Гульбище» биіктаулы батпағында болады. Қысқы кезеңде көп бөлігі қары аз аудандарға көшеді.
  2. Жас күміздерде мүйізі сырнай пішіндес болып келеді.
  3. Еліктер өте жақсы жүзеді, ірі өзендерді оңай жүзіп өтеді.
  4. Қауіпті көре салысымен, жануарлар қатты жер тебіне бастайды, осылайша басқа туыстарын қауіп туралы ескертеді.
  5. Жыртқыштардан қашқанда еліктер жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан асыруы мүмкін, бұл сілеусіннің немесе қасқырдан көп, бірақ бұлай олар ұзақ жүгіре алмайды.
  6. Еліктің ұрғашысын- сөгені жеңіл қолға үйретуге болады екен- ол тынышты, мазасыз емес, ал еркектерін- күмізді мүлдем үйрете алмайсың.
  7. Аталықтары- күміздерінде гарем болады, екі немесе үш сөгемен тұрады.
  8. Қыста жүндері жирен түстен сұр түске ауысады.
  9. Азық іздеу уақыты таңертең және кешке, ал басқа уақытта орманды шалғындарда жатып демалады.
  10. Еліктер бір некелі жануарларға жатпайды. Әрбір мерзімде жаңа жұп құрады екен.
  11. Еліктердің биіктігі 60-90 см аралығында, ұзындығы- 140 см, салмағы- 37 кг.
  12. Әрбір түрінде қайталанбас иісі болады, ол арқылы басқаның жасын, мөлшерін, жынысын және басқа да параметрлерін білуге болады.
  13. Кейбір түрлерінің мойынының ұзындығы дене ұзындығының 30 % жетеді.
  14. Еліктер негізінен секіріп жылжиды, бір секіргенде 5-6 метр қашықтықты қалтырады.
  15. Еліктер ылғи суаттардың жанында жүреді. Олар көп су ішеді, жыртқыштар мұны біле оларды сол жерлерде аңдиды.
  16. Елікте әрбір аяғында 2 тұяғы бар, олар қосылып кеткен сияқты болып көрінеді. Жыртқыштар шабуылдағанда олар айбарлы қару бола алады.
  17. Балалары өмірге ала болып келеді, 3 айларына келгенде бір түсті болады.
  18. Қорқып қалған еліктер иттің үріліне ұқсас дыбыс шығарады екен.
  19. Барлық түрлерінде құйрығы бар, бірақ ол өте қысқа. Ұзындықтары бірнеше сантиметрден аспайды.
  20. Бұлар табынмен жүретіндер емес, 3-5 түрден құралған топпен жүреді. Тек көктемде ғана жиналып қалғандарын көруге болады.
  21. Күйлеу кезінде аталықтары- күміздер адамға шабуылдауы мүмкін. Кез келген адамға кімді көрсе соған.
  22. Жаңа туылған еліктерде тері бездері өте аз, сондықтан олар ешқандай иіс шығармайды. Бұл оларға жыртқыштардан қорғануға көмектеседі.