Тырналар өмірінен қызықты деректер.
- Тырна- ерекше және әдемі құс, оның ұзын мойны мен тұмсығы бар.
- Барлығы тырналардың 15 түрі есептеледі, олардың көбісі Қызыл кітапқа енген.
- Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында сұр тырна мекен етеді, олар Қара және Ақ Оба өзендерінің су жиналатын бассейндері айналасында ортатаулық жазық батпақты учаскелерде дербес жұптарымен ұя салады.
- Сұр тырна Қазақстанның Қызыл кітабында- ІІІ санат (сирек). Қазақстанның авиафаунадағы үш түрінің бірі. КАСЭ аумағында- сирек ұя салатын түр.
- Бұл құсты барлық континентте кездестіруге болады, Антарктида мен Оңтүстік Америкадан басқа.
- Тырна шамалы 72 км/сағ. жылдамдықпен ұшады.
- Балықтар, жәндіктер мен ұсақ кеміргіштер тұқымдармен, жидектермен және түрлі өсімдіктермен- тырналардың негізгі рационы.
- Тырналар- әлеуметтік құстар, үлкен топпен өмір сүреді, олар топ деп аталады. Топтың ішіндегі байланыс қатты дыбыстармен орнатылады.
- Тырналар- жыл құстары, олар жылы жаққа 15000 қашықтыққа ұша алады.
- Кейбір түрлері азық іздеп күніне 500 км ұшып жүреді, бірақ бәрі жыл құсы емес.
- Тырналар- өмір бойына бір жұп қана таңдайды.
- Азияда тырна- бақыт пен мәңгі жастықтың нышаны.
- Тырналардың кейбір түрлерінің балапандары тұрған күйде ұйықтайды екен.
- Жас құстар жыныстық толысуы 3тен 5 жас аралығында жетеді.
- Жабайы табиғатта өмір ұзақтығы- 20 дан 30 жылға дейін.
- Ең кәрі тырна сібір тырна болған, ол еріксізде 83 жыл жасады.
- Тырналар- планетадағы ең ежелгі тірі құстар.Табылған қалдықтарына 10 млн. жыл болған ежелгі тырналардың Небрасканың солтүстік- шығысында Ешфальда табылған.
- Сұр тырна өзінің тұқымдастырынан ең ұзын қанатты болып табылады, оның қанат құлашы 220-240 см-ге жетеді.
- Тырналарды ешқашан ағаш бұтақтарында көрмейсің, олар жайлылықты жақсы көреді.
- Бүркену үшін тырналар қанаттарына лай немесе балшық жағып, жұмыртқаларын басады, балапандарына қарайды. Бұл көптеген жыртқыштардан қорғануға көмектеседі.