1. Аюлар жануарлар арасындағы жас түр болып есептеледі, оларға бес миллион жыл ғана. Егер қолтырауындармен салыстырсақ, жасыл тісті жыртқыштар 83,5 млн. жыл бұрын пайда болған.
  2. Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында қоңыр аю мекендейді. Олардың санағы көктемгі кезеңде басталады. Бақылаулардың мәліметтері бойынша аюдың апанынан шығуы 4-7 сәуірге түседі.
  3. Таралған түсінікке қарамастан, аюлардың барлығы қыста ұйқыға кетпейді. Полярлық аюларда тек жүкті аналық аюлары ғана ұйқыға кетеді екен.
  4. Аюлардың интеллектісі өте жоғары дамыған. Аюлар аңшылардың қақпанын зиянсыз қыла алады, яғни қақпан бекер жабылсын деп оған таяқ пен тас лақтырады екен.
  5. Аюлардың жақын туыстары биологиялық көзқараспен қарағанда иттер, қасқырлар, қызық болса да түлкілер болып табылады екен.
  6. Аюлардың ішіндегі ең ірісі- полярлық аю, олардың салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін.
  7. Барлық аюлардың жүндері екі қабаттан тұрады, біреуі судан қорғаса, екіншісі жылуды сақтауға көмектеседі.
  8. Ең ұзын тырнақтарымен малайлық аю мақтана алады- ұзындығы 10 сантиметрге жетеді екен.
  9. Жарты жылға созылатын ұзақ ұйқы кезінде аюлар өздерінің дене салмағының жартысынан айырылады.
  10. Аюлардың барлық түрлері, полярлық аюдан басқалары қорек талғамайтындар. Ақ аюлар тек етпен ғана қоректенеді.
  11. Аюлар өте жақсы жүзеді, тіпті ені бес немесе одан көп километр өзен не көлді жүзіп өте алады екен.
  12. Аюлар өте жақсы жүгіреді, қажет болғанда аю жылдамдығын 60 км/ сағ. жеткізеді.
  13. Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарағанда аюлардың кейбір түрлері, мысалға барибал- аюлар санай алады екен.
  14. Аю адамдарға көрінбес үшін ағаштың артында қозғалыссыз тұруы мүмкін немесе тастың артына тығылып қалуы мүмкін