Биыл Жер Сағаты сенбі күні, 28 наурызда, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 - 21.30 аралығында өтеді. Акция аясында Жабайы табиғаттың бүкіләлемдік қоры (WWF) әлемнің болашағы үшін бей- жай еместік белгісі ретінде 1 сағат көлемінде жарықты өшіруге шақырады. Жер Сағаты дегеніміз не? 2007 жылдан бері әлемдегі мыңдаған ең танымал ескерткіштер- Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Рим Колизейі, Барселондағы Әулиелер тобы храмы, Рио-де- Жанейродағы Христос мүсіні, Ұлы Қытай қорғаны, египедтік пирамидалар, Эмпайр-Стейт Билдинг және Бурдж-Халифа зәулімдері және т.б.- Жер Сағаты өткен кезде қараңғыға батады. 2020 жылы Халықаралық Жер Сағаты Қазақстанда он үшінші рет болады. Жер Сағаты- әлемдегі ең жаппай экологиялық акция. Бұл: әлем бойынша 2 миллиард қатысушы. 180 астам мемлекет пен 7000 қатысушы- қала; Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, адамзатты рационалды табиғатты пайдалануға үйретіп және сақтауға болатын осы бір маңызды халықаралық акциясына бей- жай қарамауға шақырады.