26 наурызда «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандарымен Риддер қаласының Тәуелсіздік және Гагарин даңғылдарының бойында алдын- ала даярланған баннерлер орнатылды.
Аталған пассивті экологиялық ағарту әдісінің көмегімен қала тұрғындары қаланың экологиялық жағдайына өз назарларын аударады. Әрбір азамат табиғатты қорғауда өзінің бір тамшы болса да көмегін тигізе алады, адам табиғаттың бір бөлшегі ғой және табиғатта бәрі бір- бірімен байланысты. Қоршаған ортаны бүгін аялай және қорғай отырып, біз адамдар өзіміз үшін және ертеңі өзіміздің ұрпағымыз үшін жарқын болашақты қамтамасыз етеміз.