Өткен аптада  наурыздың 12-13 күндері БАМТҚ    ҒМЭАжТ бөлімінің мамандары Риддер қаласының «Нұрбөбек»  және «УВиОЦ»  балабақшаларында дәріс өткізіп қайтты.

Балалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жайлы жақынырақ танысты, ормандағы жабайы жануарлар және Шығыс- Қазақстан облысына тән өсетін өсімдіктер туралы толық білді. Бұған қоса, балалар өздері үшін  қорық аумағында фототұзақтарды орнату арқылы жабайы ортада жануарларды зерттеудің қызықты тәсілі бар екенін ашты. Аталған тәсіл арқылы жабайы табиғат мекендеушілерінің сапалы фотосы  мен видео материалдарын  алуға болады.