Риддер қаласында «Еріктілік пен рақымшылдық ӘЛЕМДІ құтқарады!» ұранымен «Практер шеруі 2020» табиғат қорғау акциясы бастау алды.2020 жылдың 04 наурызында «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де «Парктер шеруі 2020» Халықаралық табиғат қорғау акциясы өткізу бойынша үйлестіру кеңесі өтті,

ол 2020 жылдың 05 маусымына дейін жалғасады. Риддер аймағында ірі масштабты табиғат қорғау акциясы дәстүрлі түрде өтеді және қоғамдық сипатқа ие және де қорғалатын табиғи аумақтарды (қорықтарды, ұлттық парктерді, қорықшалар мен табғат ескерткіштері) қолдау идеясының айналасындағы бей- жай емес барлық адамдарды біріктіріп отыр. Акция үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті болып отыр.Аталған іс- шараның ұйымдастырушылары: «Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Нұр Отан» партиясының Риддер қалалық филиалының қолдауымен, «Риддер қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ , «Бумеранг» ҚҰ, мәдениет және білім ұйымдары, «Риддер орман шаруашылығы», «Пихта орман шаруашылығы» КММ, «Қаз ОШАҒЗИ» ЖШС Алтай филиалы, «Алтай ботаникалық бағы» РМК.Акцияның негізгі мақсаты билікті, ақпарат құралдарын, кәсіпорындарды, барлық жеке меншік мекемелерді, коммерциялық құрылымдарды, жалпы барлық әлем тұрғындарын қорғалатын табиғи аумақ проблемасына назар аударту, қорықтық орындарды дамыту және сақтауда шынайы тәжірибелік көмек көрсету, өсіп келе жатқан ұрпаққа біздің табиғи игілігімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу, оның жағдайына жауапкершілікпен қарау сезімін ояту, тірі табиғатқа позитивті қатынасты қалыптастыру, бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңызды рөль атқарады. Өткен жылы экологиялық акциясында 13900 адам қатысты.«Парктер шеруі 2020» акциясының аясында Риддер өңірінде келесі шаралар жоспарланған:- «Орман олимпиадасы»;- Риддер қаласының табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен спартакиада жүргізу аясында спорттық іс- шаралар;- «Құстар үйі», «Жерді қоқыстан тазартайық!», «Қорықтық пленэр» (Жас суретшілердің қорық аумағына сапары) акциялары- Туристтік слет- Экологиялық әндердің фестивалі (Жер Күніне арналған шара)- Байқаулар: суреттер, плакаттар, кәдесый (тақырыбы: Алтайлық шиқылдақ, Жыл құсы 2020- Ителгі, алтайлық торсылдақ), «Табиғат музыкада»;- Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні- аумақты көгалдандыру;- Балалар суреттерінің, плакаттарының, кәдесыйлардың көрмелері.Тірі табиғатты қорғау және сақтауға бағытталған еріктілер қозғалысына белсенді қосылуға шақырамыз!
Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының ҒМЭАжТ бөлімінің мамандары Телефоны: 4-09-27