5 ақпанда Риддер қаласының табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері арасында шаңғы жарысы бойынша спартакиада өтті. Жарысқа үш команда қатысты: «Риддер орман шаруашылығы» КММ, «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК.

 

Бірінші орынды «Риддер орман шаруашылығы» КММ  алды.

 

Екінші орынды «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ  алды.

 

Үшінші орынды «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК алды.

 

Табиғат қорғау мекемелері арасында шаңғы жарысы алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта табиғат қорғау  мекемелерін біріктіру және салауатты өмір салтын жүргізу үшін тұрақты негізде өткізілетін болады.