2020 жылдың 5 қаңтарында Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында кәсіподақ ұйымының есептік- сайлау жиналысы өтті.
Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері 40 адам қатысты. Кәсіподақ ұйымы жұмысының негізгі бағыттары атап өтілді- ұжымдық келісім- шарттың бекітілуі, шипажайлық- курорттық емделудің ұйымдастырылуы және демалу базасына жолдамалардың бөлінуі.
2019 жылы алғаш рет спорттық жарыстар ұйымдастырылды және жартылай қаржы сайысқа қатысушыларды марапаттауға жұмсалды. Мәдени- көпшілік жұмыс та назарсыз қалмады. Мейрамдарға салтанатты іс- шаралар ұйымдастырылып, сыйлықтар алынды. Жалпы кәсіподақтың жұмысы мақұлданып, жаңа жылға табыстар тіледі. Жиналыс барысында атқарылған жұмыс бойынша жылдық есеп берілді. Бұған қоса қазіргі кәсіподақ ұйымы төрайымының жүктілік демалысқа кетуіне байланысты, ұйымның жаңа кәсіподақ төрайымы болып А.С. Абдрахманова сайланды.