Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі Қазақстан қауымдастығы Қазақстан құстарын сақтау одағымен бірлесе Жыл құсы-2020 нышаны ретінде Ителгі құсы болды.

Ителгі (лат. Falco cherrug) – сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құстың түрі. Қазақстанда- сирек ұя салатын, көшпелі, кейбір жылдары ішінара отырықшы түр.

Ителгі сұңқары- жыртқыш құс. Ол ұсақ кеміргіштермен қоректенеді (мысалы, сарышұнақ) сонымен қатар қояндармен, көгершіндермен, шілдермен, үйректермен, ірі кесірткелермен.

Кез келген ителгі айтарлықтай ірі құс болып табылады, ұзындығы алпыс сантиметрден асып түседі.

Құстың алты түршесі ажыратылады:

Кәдімгі ителгі.

Түркістан ителгісі.

Монғол ителгісі.

Тибет ителгісі.

Шыңды ителгі

Ортаазиялық ителгі.

Ителгінің ерекшелігі, ол өзі ұя салмайды, тек бөтен ұяларды пайдаланады. Әдетте, ителгінің шабуылынан қарғалар, ақсарылар мен көксарылар зардап шегеді, кейде ителгі қыранның ұясына да басып кіретін жағдайлар болады. Әдетте, құс құздар мен белестерге орнығуға тырысады. Ең көбісі, ителгінің ұяда істейтіні- «шағын жөндей жұмысын» жасау, егер ол әбден тозығы жеткен болса. Бұл үшін ол құрғақ бұталарды, жартылай бұташықтарды, өлген кеміргіштердің терілерін, жүнін, терісін пайдаланады. Қызығы, кейде ителгі бірнеше ұяларға ие болып, оларда кезекпен өмір сүреді екен.

Құстың осы түрі өте сирек кездеседі және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сондықтан адам қорғауында.

Ителгі сұңқары жойылу қаупінде, оның саны табиғатта үнемі азаюда. Атап айтқанда, Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығының құстар фаунасы 162 түрді құрайды.Сирек және жойылып бара жатқан құстардан, Қызыл Кітапқа енген, Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 6 түрі мекендейді- ителгі, осы аймақта көші- қон кезеңінде кездеседі, 5 түрі ұя салады (қара дегелек, бүркіт, лашын, сұр тырна, үкі).

Осы жылы жыл құсы болып ителгі жайдан- жай аталған жоқ, себебі оның саны жыл сайын азайып барады.