Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 14 қазан күні жоспарланған оқу-жаттығу атыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу Шаравка шатқалында өтті. Оқу-жаттығуға қорықтың мемлекеттік инспекторлары қатысты.  Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік инспекторлардың қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау, кәсіби машықтарын жетілдіру.