2019 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында өтеді.
Аталмыш акцияға ұлттық парктердің, қорықтардың, резерваттар мен экологиялық ұйымдардың өкілдері, белсенділер, еріктілер, мектеп орманшылықтары мен басқа да ұйымдар қатысады.
Еліміздің барлық өңірінен 20 000 аса адамдардың қатысуы күтілуде.
Экологиялық сенбілік аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, шөл, далалы аймақ пен басқа да табиғи орындар тазаланады.
Экологиялық акция тұрғындарды Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізеді.
Жиналу орны: «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»РММ әкімшілік ғимараты
Тазалық орны:Ақ Оба кордоны
Байланыс нөмірлер: 8(72336)4-09-27