2019 жылы 5 маусымда «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Үйлестіру кеңесінде «Парктер шеруі 2019» акциясының салтанатты жабылуы өтті.

 «Парктер шеруі» ауыспалы кубогы - 2019 - акцияның жеңімпаздарына ШҚО ББ Риддер қаласының даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне берілді. «Парктер шеруі-2019» белсенді қатысушыларына  қорықтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Батыс - Алтай қорығының акция аясында

- 68 дәріс оқылды

- Риддер қаласының оқу орындарында, мәдениет сарайында 4 көрме безендірілді –

- «БАМТҚ» РММ мұражайында 44 экскурсия өткізілді

- БАҚ-та (жергілікті және Республикалық маңызы бар газеттерде) 22 мақала жарияланды;

- радиода-2 сөз сөйлеу

- ТВ-6 сюжет

- әлеуметтік желілерде - 140 жарияланым

- 30-ға жуық түрлі табиғат қорғау іс-шаралары мен акциялар өткізілді.

 

Батыс-Алтай қорығы «Парктер шеруі-2019» халықаралық акциясының іс-шараларына белсенді қатысып, қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді және одан әрі ынтымақтастық орнатуға үміттенеді! Табиғат болашағы біздің қолымызда!