«Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі өңірлік КОМПОНЕНТІ – 2019» XVIII дәстүрлі аймақтық педагогикалық жаратылыстану ғылыми конференциясы.
28 наурызда Өскемен қаласында өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының білім беру және табиғат қорғау мекемелері қатысты.
Бастапқыда салтанатты бөлім мен пленарлық отырыс өтті, одан кейін секциялар бойынша жұмыс жүргізілді. Батыс -Алтай қорығының ғылыми қызметкерлері «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Аймақтық зерттеулер» секциясында өз баяндамаларын ұсынды - Қосаев Әлібек Құдайбергенұлы: «Ағаш бұтақтарының аурулары – «мыстан сыпырғышы» (ведьмины метлы), Премина Наталья Викторовна: «Батыс - Алтай қорығындағы метеорологиялық бақылау», Сурнина Ксения Викторовна: «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ормандарының санитарлық жағдайы».
Қосаев Әлібек Құдайбергенұлы қатысқаны үшін грамотасымен марапатталды, ал Премина Наталья Викторовна және Сурнина Ксения Викторовна 1 орын алды.
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/254-ajma-ty-konferentsiya.html#sigFreeIdcb5b683570