28 наурызда Риддер қаласында № 10 орта мектепте «Парктер шеруі» халықаралық акциясының аясында «Орман олимпиадасы» өтті. Ұйымдастырушылар Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы және «Бумеранг» мәдени-экологиялық қауымдастығы, Риддер қаласындағы Ішкі саясат басқармасы, Алтай ботаникалық бағы, Риддер және Пихта орман шаруашылығы, ҚазОШҒЗИ Алтай филиалы және жеке кәсіпкер Сергей Антроповтың қолдауымен болды.


Біздің қаламызда іс-шара көп жылдар бойы өткізіліп келеді. Осы жылы олимпиадаға қала мектептерінің 12 командасы қатысты. Іс-шараны өткізу жыл сайын 18 наурыз бен 5 маусым аралығында өтетін «Парктер шеруі» кең ауқымды республикалық табиғат қорғау акциясына орайластырылды. Орман олимпиадасы –«Парктер шеруі» акциясының алғашқы және маңызды іс-шараларының бірі, оны өткізу барысында ағартушылық, табиғатты қорғау жұмыстарының ауқымына байланысты.


Дайындық барысында балалар қалалық тарихи-өлкетану мұражайына, Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығына, балалар кітапханасына және Н.В. Гоголь атындағы кітапханаға барды. Балалар үшін Риддер және пихта орман шаруашылығы, Алтай ботаникалық бағы, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Алтай» филиалы, Риддер аграрлық-техникалық колледжі, "Бумеранг" мәдени-экологиялық қауымдастығы, Оқушылар үйі өз дәрістерін, тапсырмаларын, сұрақтарын дайындады. Дәл осы ұйымдар команданы сұрақтар, викториналар және тест тапсырмалары күтті, бірақ балалар жақсы дайындалды және сынақтардан лайықты өтті! Барлығы 11 станция болды, оқушылар өздерінің білімдерін көрсетті және дұрыс жауаптар үшін ұпай жинады.


Аталған іс-шараның жеңімпаздары №2 орта мектебінің оқушылары болды, екінші орынды №3 орта мектебі, №16 орта мектебі, үшінші орынды № 17 орта мектебі, Шаңырақ мектебі, №1 лицей иеленді.


Іс-шараның мақсаты: табиғатты қорғау білімдерін насихаттау, қорғалатын аумақтарды қолдау, өз Отанының патриоттары мен табиғат қорғаушыларын тәрбиелеу. Орыс классигі М. Пришвин айтқандай – «Табиғатты қорғау- Отанды қорғау!».

 
«ПАРКТЕР ШЕРУІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА БАРЛЫҚ НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕРДІ ЖӘНЕ ӨЗ ӨЛКЕСІНІҢ ҚОРЫҚТЫҚ АУМАҚТАРЫН САҚТАУ ІСІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

 
Қосымша ақпарат алу үшін  тел. 4-09-27 немесе e-mail бойынша: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  арқылы хабарласа аласыз.