2019 жылы 18 наурызда Батыс-Алтай МТҚ, Тарбағатай МТП, Семей орманы МТҚ, Марқакөл МТҚ, Катонқарағай МҰТП Өскемен қаласының балалар ауылымен бірлесіп «Парктер шеруі – 2019» акциясының салтанатты ашылуы өтті.
«Саябақтар шеруі» - бұл қоғамның, биліктің, бизнестің, БАҚ өкілдерінің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына аударатын бүкіләлемдік табиғатты қорғау акциясы. Акция барысында экология саласындағы білім деңгейін арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған дәрістер, әңгімелер, көрмелер, сенбіліктер, түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Осы шараның құрметіне ЕҚТА-ның өкілдері мен балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысқан концерт ұйымдастырылды.Сөз сөйлеулер арасындағы үзілісте экскурсия жүргізілді, онда табиғатты қорғау саласындағы мамандар осы ұйымның қамқорлығындағыларымен жақынырақ танысты. Кездесу өте жылы және достық жағдайда өтті, әр қатысушыда көптеген жағымды әсер қалды және алдағы уақытта естелік аллеяларды салу көзделген.
Естеріңізге сала кетейік «Саябақтар шеруі» акциясына әр адам қатысып, өз өлкеміздің қорықтық аумақтарын сақтау ісіне өз үлестерін қосатынын еске саламыз.
Қызығушылық танытқан сұрақтар және ұсыныстар бойынша Сіз Батыс -Алтай қорығының әкімшілік ғимаратына (Риддер қ., Семипалатинская к., 9) немесе тел.
4-09-27 бойынша немесе e-mail бойынша: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. хабарласа аласыз.
Біздің ресми сайт: www.zagpz.kz
Сонымен қатар, біз әлеуметтік желілерде: ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Instagram. Бізге қосылыңыз, акцияның жаңалықтарын қадағалап, қатысыңыз!
Табиғатты аялайық, болашақты сақтайық!
https://zagpz.kz/kz/zhanaly-tar/249-parkter-sherui-2019-saltanatty-t-rde-ashyldy.html#sigFreeId186006bde8