Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығының бастамасымен Риддер қаласында 2019 жылдың 15 наурызында « Риддер аграрлық-техникалық колледжі»КМҚК-да Риддер қаласының табиғат қорғау мекемелері арасында волейболдан Спартакиада өткізілді. Бұл іс-шара «Парктер шеруі-2019» табиғатты қорғау акциясы аясында өтті.


Батыс - Алтай қорығынан, Риддер аграрлық-техникалық колледжінен, Пихта және Риддер орман шаруашылықтарынан табиғат қорғаушылары өз мысалында табиғатты қорғауды ғана емес, салауатты өмір салтын сақтауды да насихаттады.

1 орынды «Риддер орман шаруашылығы» КММ жеңіп алды


2 орын – «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК


3 орын – «Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ


Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік доп байланыстырушы», «Жеңіске деген талпынысы мен жігері үшін» номинациялары бөлінді.


Барлық мекемелер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Алдағы уақытта бұл іс-шара дәстүрге айналып, өз ауқымын кеңейтеді.