Табиғатты аялайық, болашақты сақтайық!

2019 жылы 12 наурызда сағат 11-де Риддер  қаласы, Семипалатинская көшесі,9 мекен-жайы бойынша «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»РММ-де «Парктер шеруі-2019» акциясының іс-шаралар жоспарын қарау және бекіту бойынша Үйлестіру кеңесі өтті.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бірегей табиғи кешендер мен нысандарды сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында Риддер қаласының мектеп оқушылары, жастар, орман шаруашылығы мамандары, қоғамдық және діни ұйымдар мүшелері 2019 жылдың 5 маусымына дейін «Парктер шеруі-2019» халықаралық табиғатты қорғау акциясына қатысады.

Акция өткізу күндері жүздеген адам табиғатқа деген немқұрайлылықты көрсету және табиғат қорғау кәсіорындарына нақты көмек көрсету үшін шығады. «Парктер шеруі» халықаралық ірі масштабты табиғат қорғау акциясы жыл сайын өткізіледі және қорғалатын табиғи аумақтарды (қорықтар, ұлттық парктер, қаумалдар мен табиғат ескерткіштері) қолдау идеяларының айналасында барлық мүдделі адамдарды біріктіретін әлеуметтік сипатқа ие.

      «Парктер шеруі-2019» акциясы аясында

  • дәрістер, білім беру мекемелерінде әңгімелесулер, қорық мұражайында экскурсиялар
  • конкурстар
  • аумақтарды көгалдандыру
  • спорттық іс-шаралар
  • экологиялық акциялар
  • ақпараттық бюллетеньдер, парақшалар, баннерлер шығару жоспарланған.

Бұл іс-шаралардың ұйымдастырушылары: «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ, «Бумеранг» мәдени және экологиялық қауымдастығы, «Риддер қалалық ішкі саясат басқармасы», мәдениет және білім мекемелері, «Пихта орман шаруашылығы» КММ, «Риддер орман шаруашылығы» КММ.


Акцияның салтанатты ашылуы 2019 жылы 18 наурызда Өскемен қаласының Балалар ауылында өтеді.


Акцияның жабылуы (қорытынды шығару) 2019 жылы 5 маусымда Риддер аграрлық-техникалық колледжінде өтеді.


Саябақтар шеруі әрбір адамға ұлттық табиғи игіліктің бірегей бөлігі ретінде қорық ашуға және өз іс-әрекеттерімен олардың дамуына жеке үлес қосуға мүмкіндік береді.


Қала тұрғындарын «Парктер шеруі» акциясына қатысуға және өз өлкесінің қорықтық аумақтарын сақтау ісіне өз үлесін қосуға шақырамыз.

 

Қосымша ақпарат алу үшін 4-09-27 телефоны бойынша немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына хабарласуға болады.